Педагогика бағытындағы магистратура мен докторантура білім бағарламаларын басын біріктіріп, педагогика саласындағы ғылыми зерттеу жұмысын әлемдік тәжірбиеге сәйкес жүргізу мақсатында Есенов университетінің Білім берудің жоғарғы мектебі 2022 жылдың бірінші қыркүйегінде ашылды.
Білім берудің жоғарғы мектебінің ағылшынша балама атауы Graduate School of Education. Маңғыстау өңірінің орта білім жүйесіне бір өзіне педагог, зерттеуші, талдаушы және оқу тәжірибесінің дизайнері қасиеттерін меңгерген мамандарды даярлайтын беделді оқу орны.
Білім берудің жоғарғы мектебінің болашаққа ұмтылыс бағыты – Қазақстандағы және әлемдегі жетекші білім мектебі болып қалыптасып Маңғыстау өңірінің білім жүйесін жаңғырту
Білім берудің жоғарғы мектебінің миссиясы өз бітірушілердің үлгісін ойлы ұстаз, қамқоршы тәлімгер, әлемдік зерттеуші, талантты басшы және бірегей оқу тәжірбиесінің шеберіне бейімдеп дайындау.
Білім беру, ғылым мен инновация, кәсіби білім беру, отандық және халықаралық ынтымақтастық және Маңғыстау өңіріндегі орта мектептеп жүйесі – негізгі даму бағыттары болып табылады.
Білім берудің жоғарғы мектебінде он екі магистратура және бір докторантура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары. 2022-2023 оқу жылына жүз елуден аса магистранттар мен екі докторанттра күндізгі оқуға қабылданды, олардың жартысынан көбі мемлекеттік білім грантының иегерлері.
Ғылыми зерттеу бағыттары
2022 жылдың бірінші қыркүйегінен Маңғыстау өңірінің орта мектептерінің дамытуын қамтамасыз ету мақсатында, Актау 0аласындағы №25 орта мектебі мен Мұнайлы ауданындағы №9 орта мектептері таңдалып, жан-жақты зерттеу жұмыстары мен педагогикалық дағдылар іске асыру қолға алынды.