2022 жылдың 3-қараша күні Yessenov University Білім берудің жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Өңірдің педагогикалық әлеуетін арттыру және білім сапасын жаңарту» атты дөңгелек үстел мектеп директорларының қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел мақсаты жұмыс берушілермен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларын талқылау, ортақ ғылыми жобаларды іске асыру, оқытудың жаңа әдістемелерін зерделеу, ЖОО-да оқыту тәжірибесінде мектептің педагогикалық тәжірибесін қолдану.
Кездесу барысында Yessenov University білім беру бағдарламасының менеджері А.Ш. Аккенжеева кәсіби тәжірибелердің түрлері және ұйымдастырылуы туралы айтып өтті. Ж. Қуатова жаңадан ашылған 6В01901-Арнайы педагогика білім беру бағдарламасы таныстырды. Педагогика және психология білім беру бағдарламасының кәсіби бағдар беру бағыты бойынша траекториясының жобасын ұсынды. Сонымен қатар Педагог-профориентолог траекториясын 6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасына енгізу, NEET санатындағы жастардың үлесін және жастар арасындағы жұмыссыздықты қысқарту идеясымен болашақ білім мен мансап туралы ақпараттандырылған шешім қабылдауға бағыт беретін маман даярлау қарастылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.