7М01501-Математика YU GSE

Білім беру бағдарламасы туралы

7М01501 «Математика» білім беру бағдарламасы 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығындағы 7- деңгей «Педагог» кәсіби стандарт, ҚР МЖБС 31.10.2018 ж. №604 (ҚР БҒМ 13.10.2018 ж. №569 бұйрығы) аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып дайындалды. 

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды реттейді және бітірушінің кәсіби қызметінің бағдарламасы мен бағытының сипаттамасын, алған құзыреттерін, бағалау саясатын, білім алушылардың дайындық сапасын қамтамасыз ететін білім беру үрдісін ұйымдастыруды, білім беру бағдарламасын құрайтын модульдердің сипаттамасын, оқу-әдістемелік материалдарды, сәйкес білім беру технологияларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасының мақсаты

жоғары оқу орындарында, білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында математикалық білім беру саласындағы тереңдетілген білім, жаңартылған білім мазмұны негізінде математиканы оқыту дағдылары мен іскерліктері, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін білім беру мекемелерінің практикалық қызметіне енгізу қабілеті, басқарушылық, сандық, тілдік білім, іскерліктер мен дағдылар, математика саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қабілеті, басқарушылық, сандық, тілдік білім, іскерліктер мен дағдылары мен құзыреттіліктері бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері

— қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес кәсіби даярлауды қамтамасыз ету;

— білім беру мекемелеріндегі (мектепте, колледжде және ЖОО) педагогикалық жұмысқа және қолданбалы математика саласындағы ғылыми — зерттеу жұмысын сараптау және талдау, оны шешу жолдарын анықтау;

— оқу үдерісін басқару сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ортасының жағдайын диагностикалау және талдау әдістерін меңгеру;

— инновациялық технологияларды пайдалана отырып, педагогтарды әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыруды зерттеуге, жобалауға, ұйымдастыруға және бағалауға дайындау.

Жұмыс берушілердің сұранысындағы пәндердің оқытылуы

педагогикалық диагностика, педагогикалық дизайн, киберпедагогика, деректерді талдау және өңдеу (BigData), зерттеудің инновациялық әдістері және коммерцияландыру, патенттану, математикалық білім беру мазмұнын жаңарту әдіснамасы, алгебра, геометрия және логиканың іргелі мәселелері, математикалық талдаудың іргелі мәселелері, дифференциалдық теңдеулердің қолданылуы, STEM – зерттеулер, қолданбалы есептерді математикалық модельдеу

Негізгі жүктеулер

Магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушыларға теориялық оқытудың 72  кредитін, оның ішінде педагогикалық тәжірибенің 4 кредитін, зерттеу тәжірибенің 12 кредитін,  ғылыми-зерттеу жұмысының 24 кредитін, магистрлік жобаны дайындауға, қорғауға 12 кредит игеру болып табылады.

Барлығы 120 кредит.

Типтік оқу мерзімі: 2 жыл

Түлек моделі

1

Түлектің құзыреттілік моделі:

түлек «7М01501-Математика» білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін келесі құзыреттерге ие болады:
— кәсіби
— жеке
— сандық
— зерттеу
— басқарушылық.

2

Білім беру бағдарламасының фокусы:

— Математика пәнінің оқытушыcы;

— Ғылыми қызметкер

3

Түлектің кәсіби қызмет саласы:

Іргелі және қолданбалы математика саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі; математика саласындағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметі.

4

Кәсіби қызмет нысаны:

— жоғары және орта кәсіптік оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау-құрастырушы ұйымдар;

— техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;

— негізгі, бейіндік және кәсіптік мектептер;

— педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мекемелер;

— кәсіптік білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

5

Кәсіби қызмет функциялары:

— оқыту;

— тәрбиелеу;

— әдістемелік;

— зерттеу;

— әлеуметтік-коммуникативтік.

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Ғылыми педагогикалық бағыттағы мамандарын даярлауға қойылатын үлкен талаптар педагогикалық ұжымға жауапкершіліктің артуына байланысты бәсекеге қабілетті, жан-жақты, логикалық ойы терең, білімі, іскерлігі мен дағдысы терең мамандар даярлау жоспарланған.

Типтік оқу мерзімі: 2 жыл.

Ғылыми бағыттағы екі жылдық магистратура білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың кемінде 

  • 84 ECTS теориялық оқытуды, оның ішінде 16 ECTS практиканы (зерттеу практикасы - 12 ECTS, педагогикалық практика – 4 ECTS)
  • 24 ECTS ғылыми-зерттеу жұмысын меңгеруі
  • 12 ECTS көлемінде қорытынды мемлекеттік аттестаттау (магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау) болып табылады.
  • Барлығы 120 ECTS.

Магистратураға түсуші тұлғалар:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар:

  • шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен,
  • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен (2 пән бойынша: 1)Педагогика 2)Психология,
  • оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады (аналитикалық және критикалық талдау);

Тест тапсырмаларының саны – 130.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

     
     
     
     

Құжатты қабылдайтын жер

Есенов университеті. Қабылдау коммисиясы

32 мкр
Ақтау қаласы

Бөлім
Шет тілі бойынша тест*
Оқуға дайындығын анықтауға

 арналған тест

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест**
Барлығы
Секциялар
Тыңдалым
Лексика- грамматика
Оқылым
Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән
2-пән
Тілі
ағылшын/неміс/француз
қазақ/орыс
қазақ/орыс
Тапсырмалар саны
16
18
16
15
15
30
20
 
50
30
50
130
Тест тапсырмаларының нысаны
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
 
Бағалау
1 балл
1 балл
1 балл
2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

 
Максималды балл саны
50
30 балл
30 балл
40 балл
150
Ақылы түрде оқуға шекті балл
25
7
7
7
75
Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті балл
25
7
7
7
75