7М01504-Химия YU GSE

Білім беру бағдарламасы туралы

7М01504 Химия білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып дайындалып ҚР БҒМ Мемлекеттік лицензиясы №KZ84LAA00018477 25.07.2020 ж. берілді. Лицензияның қолданылу мерзімі шектеусіз. Лицензияға қосымша №030 ҚР БҒМ 24.07.2020 ж. берілген. 

Жаңа білім беру стандарттарына сәйкес 7М01504 – Химия білім беру бағдарламасы құзыреттілік тәсілге негізделген білім беруді іске асыруды қамтамасыз етеді, орта, арнайы және жоғары оқу орындарында химия оқытушысы ретінде білім беру қызметіне дайын магистрлерді даярлауға бағытталған. Қазіргі заманғы әдістер мен инновациялық технологиялар білімін пайдаланатын педагогикалық қызметтің қазіргі заманғы технологияларын, ғылыми-әдістемелік және басқару қызметінде электрондық білім беру ресурстарын құру және қолдану үшін білім мен ғылымның негізгі қағидаттарын меңгерген, химия және химияны оқыту әдістемесі саласындағы оқу және ғылыми қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға, сондай-ақ кәсіби қызмет ретінде ғылыми зерттеулермен айналысуға қабілетті химия саласындағы маман даярлайды.

Білім беру бағдарламасының мақсаты

бәсекеге қабілетті химия пәнінің оқытушыларын даярлау:

  • пән саласындағы тереңдетілген білім, жаңартылған білім негізінде химияны оқыту дағдылары мен іскерліктері;
  • басқарушылық, сандық, тілдік білімдер мен дағдылары;
  • химия саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуге қабілетті;
  • кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, және жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін білім беру мекемелерінің практикалық қызметіне енгізуге қабілетті.

Білім беру бағдарламасының міндеттері

  • жалпы және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде химия саласында тиімді жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
  • Білім беру бағдарламасы негізінде білім алатын магистрант ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жалпы білімнің, кәсіптік білімнің, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметке қабілетті кадрларды даярлау.
  • Білім беру бағдарламасы бірінші кезекте химия мұғалімдеріне және жоғары білімі бар мамандарға бағытталған, олар кәсіби қызмет ретінде оқытумен, зерттеумен, ұйымдастыру-басқару практикасымен айналысу.

Жұмыс берушілердің сұранысындағы пәндердің оқытылуы

  • Білім беру принциптері білім мен ғылымның негізгі принциптеріне сәйкес құрылады және студенттердің академиялық ұтқырлығына және олардың еңбек нарығында табысты бейімделуіне қол жеткізуге бағыттау
  • Магистратурада оқыту тек қана күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады

Теориялық оқыту циклы міндетті компоненттерден және таңдауы бойынша компонеттерден тұрады. Таңдауы бойынша пәндер тізбесін және оған сәйкес кредиттің минималды көлемін еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жоғары оқу орыны бекітеді.

Негізгі жүктеулер

Магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушыларға теориялық оқытудың 72  кредитін, оның ішінде педагогикалық тәжірибенің 4 кредитін, зерттеу тәжірибенің 12 кредитін,  ғылыми-зерттеу жұмысының 24 кредитін, магистрлік жобаны дайындауға, қорғауға 12 кредит игеру болып табылады.

Барлығы 120 кредит.

Типтік оқу мерзімі: 2 жыл

Түлек моделі

1

Түлектің құзыреттілік моделі:

7М01504 Химия білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші бітіргеннен кейін келесі құзыреттерге ие:

  • кәсіби,
  • жеке,
  • сандық,
  • зерттеу,
  • Ғаламдық құзыреттер.
2

Білім беру бағдарламасының фокусы:

  • Химия пәнінің оқытушыcы;
  • Ғылыми қызметкер
3

Түлектің кәсіби қызмет саласы:

білімі (орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде химия мұғалімі, ЖОО-да оқытушы);

— ғылым (бейіндік бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдары: органикалық және бейорганикалық химия, физикалық, аналитикалық және коллоидтық химия, химиялық экология және нанотехнология және т.б.).

— «Мұнай өндіру және өңдеу процестеріндегі химиялық реагенттер, зерттеу қасиеттерімұнай және полимерлік битум материалдары, битумды құрамдар» ғылыми-ізденіс жобасы

4

Кәсіби қызмет нысаны:

— жоғары және орта кәсіптік оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау-құрастырушы ұйымдар;

— техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;

— негізгі, бейіндік және кәсіптік мектептер;

— педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мекемелер;

— кәсіптік білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

5

Кәсіби қызмет функциялары:

— оқыту;

— тәрбиелеу;

— әдістемелік;

— зерттеу;

— әлеуметтік-коммуникативтік.

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Ғылыми педагогикалық бағыттағы мамандарын даярлауға қойылатын үлкен талаптар педагогикалық ұжымға жауапкершіліктің артуына байланысты бәсекеге қабілетті, жан-жақты, логикалық ойы терең, білімі, іскерлігі мен дағдысы терең мамандар даярлау жоспарланған.

Типтік оқу мерзімі: 2 жыл.

Ғылыми бағыттағы екі жылдық магистратура білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың кемінде 

  • 84 ECTS теориялық оқытуды, оның ішінде 16 ECTS практиканы (зерттеу практикасы - 12 ECTS, педагогикалық практика – 4 ECTS)
  • 24 ECTS ғылыми-зерттеу жұмысын меңгеруі
  • 12 ECTS көлемінде қорытынды мемлекеттік аттестаттау (магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау) болып табылады.
  • Барлығы 120 ECTS.

Магистратураға түсуші тұлғалар:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар:

  • шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен,
  • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен (2 пән бойынша: 1)Педагогика 2)Психология,
  • оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады (аналитикалық және критикалық талдау);

Тест тапсырмаларының саны – 130.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

     
     
     
     

Құжатты қабылдайтын жер

Есенов университеті. Қабылдау коммисиясы

32 мкр
Ақтау қаласы

Бөлім
Шет тілі бойынша тест*
Оқуға дайындығын анықтауға

 арналған тест

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест**
Барлығы
Секциялар
Тыңдалым
Лексика- грамматика
Оқылым
Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән
2-пән
Тілі
ағылшын/неміс/француз
қазақ/орыс
қазақ/орыс
Тапсырмалар саны
16
18
16
15
15
30
20
 
50
30
50
130
Тест тапсырмаларының нысаны
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
 
Бағалау
1 балл
1 балл
1 балл
2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

 
Максималды балл саны
50
30 балл
30 балл
40 балл
150
Ақылы түрде оқуға шекті балл
25
7
7
7
75
Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті балл
25
7
7
7
75