7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті YU GSE

Білім беру бағдарламасы туралы

7М01501 «Математика» білім беру бағдарламасы 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығындағы 7- деңгей «Педагог» кәсіби стандарт, ҚР МЖБС 31.10.2018 ж. №604 (ҚР БҒМ 13.10.2018 ж. №569 бұйрығы) аймақтық еңбек нарығының қажеттілігін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын ескере отырып дайындалды. 

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды реттейді және бітірушінің кәсіби қызметінің бағдарламасы мен бағытының сипаттамасын, алған құзыреттерін, бағалау саясатын, білім алушылардың дайындық сапасын қамтамасыз ететін білім беру үрдісін ұйымдастыруды, білім беру бағдарламасын құрайтын модульдердің сипаттамасын, оқу-әдістемелік материалдарды, сәйкес білім беру технологияларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасының мақсаты

жоғары оқу орындарында, білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында математикалық білім беру саласындағы тереңдетілген білім, жаңартылған білім мазмұны негізінде математиканы оқыту дағдылары мен іскерліктері, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін білім беру мекемелерінің практикалық қызметіне енгізу қабілеті, басқарушылық, сандық, тілдік білім, іскерліктер мен дағдылар, математика саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қабілеті, басқарушылық, сандық, тілдік білім, іскерліктер мен дағдылары мен құзыреттіліктері бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері

— қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес кәсіби даярлауды қамтамасыз ету;

— білім беру мекемелеріндегі (мектепте, колледжде және ЖОО) педагогикалық жұмысқа және қолданбалы математика саласындағы ғылыми — зерттеу жұмысын сараптау және талдау, оны шешу жолдарын анықтау;

— оқу үдерісін басқару сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ортасының жағдайын диагностикалау және талдау әдістерін меңгеру;

— инновациялық технологияларды пайдалана отырып, педагогтарды әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыруды зерттеуге, жобалауға, ұйымдастыруға және бағалауға дайындау.

Жұмыс берушілердің сұранысындағы пәндердің оқытылуы

БББ толық игерген түлек орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, арнаулы және жоғарғы оқу орындарына оқытушы, ғылыми мекемелерге ғылыми қызметкер болып қызметке тұра алады.

Маңғыстау облысы бойынша 145 орта және арнаулы мектеп бар. Оларды қалыпты (классикалық) білім беретін және арнайы бағытталған білім беретін (тереңдетілген білім беретін лицей, гимназия, дарынды балалар мектеп-интернаты, Назарбаев зияткерлік мектебі, Қазақ-түрік лицейі, инновациялық білім беру мектебі т.б.) деп шартты түрді топтастыруға болады.

Негізгі жүктеулер

Магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушыларға теориялық оқытудың 72  кредитін, оның ішінде педагогикалық тәжірибенің 4 кредитін, зерттеу тәжірибенің 12 кредитін,  ғылыми-зерттеу жұмысының 24 кредитін, магистрлік жобаны дайындауға, қорғауға 12 кредит игеру болып табылады.

Барлығы 120 кредит.

Типтік оқу мерзімі: 2 жыл

Түлек моделі

1

Түлектің құзыреттілік моделі:

7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасын (БББ) бітіруші түлекке 7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

— Кәсіби және кәсіби іс-әрекетінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыдан даяр болуы; ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеп, қорытуы;

— Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңартылған білім берудің жаңа әдістері мен тәсілдерін, оқытудың инновациялық әдістерін игеруі; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау; оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтай алуы; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдай, оны инклюзивті білім беруде қолдана алуы;

— Ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді маниторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылуы;

-Көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге ие, жаһандық сынақтарға бейімделе алуы керек

2

Білім беру бағдарламасының фокусы:

— Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыcы;

— Ғылыми қызметкер

3

Түлектің кәсіби қызмет саласы:

оқытушы, мұғалім, колледж, лицей, жоғары оқу орнының оқытушысы; әдіскер, тренер, жетекші, ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер, БАҚ қызметкері (тілші, журналист, редактор, бағдарлама жүргізуші т.б.), мәдениет және әкімшілік қызметкері, хатшы, маман, іс жүргізуші, кадр бөлімінің қызметкері, кеңсе іс қағаздарын жүргізуші, театр қызметкері (редактор, режиссер т.б.).

4

Кәсіби қызмет нысаны:

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрінің негізгі функциясы – педагогикалық және тәрбие қызметтерін жүзеге асыру, соның ішінде қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; тіл білімі мен әдебиеттану саласы бойынша таңдалынған бағытта ғылыми зерттеулерді жүргізу; ғылыми зерттеулерді жобалау, нәтижелерін енгізу және әрі қарай жалғастырудың барлық кезеңдеріне қатысу; өзінің еңбегін және өз бетінше оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ғылыми негізде тиімді пайдалану; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту және пайдалану, рухани-адамгершілік құндылықтарды, көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсіну

5

Кәсіби қызмет функциялары:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінің негізгі функциясы – орта білім беру деңгейіндегі балаларға рухани тәрбиемен ұштастырылған заманауи, жүйелі білім беру. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын дамыту; оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде интернет ресурстарымен өз бетінше жұмыс істей білу;

Магистратураға түсуші тұлғалар:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар:

  • шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен,
  • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен (2 пән бойынша: 1)Педагогика 2)Психология,
  • оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады (аналитикалық және критикалық талдау);

Тест тапсырмаларының саны – 130.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

     
     
     
     

Құжатты қабылдайтын жер

Есенов университеті. Қабылдау коммисиясы

32 мкр
Ақтау қаласы

Білім беру бағдарламасының сипаттамасы

Ғылыми педагогикалық бағыттағы мамандарын даярлауға қойылатын үлкен талаптар педагогикалық ұжымға жауапкершіліктің артуына байланысты бәсекеге қабілетті, жан-жақты, логикалық ойы терең, білімі, іскерлігі мен дағдысы терең мамандар даярлау жоспарланған.

Типтік оқу мерзімі: 2 жыл.

Ғылыми бағыттағы екі жылдық магистратура білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың кемінде 

  • 84 ECTS теориялық оқытуды, оның ішінде 16 ECTS практиканы (зерттеу практикасы - 12 ECTS, педагогикалық практика – 4 ECTS)
  • 24 ECTS ғылыми-зерттеу жұмысын меңгеруі
  • 12 ECTS көлемінде қорытынды мемлекеттік аттестаттау (магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау) болып табылады.
  • Барлығы 120 ECTS.
Бөлім
Шет тілі бойынша тест*
Оқуға дайындығын анықтауға

 арналған тест

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест**
Барлығы
Секциялар
Тыңдалым
Лексика- грамматика
Оқылым
Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән
2-пән
Тілі
ағылшын/неміс/француз
қазақ/орыс
қазақ/орыс
Тапсырмалар саны
16
18
16
15
15
30
20
 
50
30
50
130
Тест тапсырмаларының нысаны
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір дұрыс жауапты таңдау
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
 
Бағалау
1 балл
1 балл
1 балл
2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

 
Максималды балл саны
50
30 балл
30 балл
40 балл
150
Ақылы түрде оқуға шекті балл
25
7
7
7
75
Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті балл
25
7
7
7
75