«Орта мектептің үздік және үлгілі дамуы» атты Маңғыстау өңірінің жобасын Есенов Университетті іске асыру аясында, Білім берудің жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы №25 орта мектеп және Мұнайлы ауданындағы №9 орта мектеп мұғалімдеріне «ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ» атты мастер-класстарды мектептің мұғалімдерінің күзгі демалысы уақытында 31.10.22-05.11.22 аралығына жоспарланып, өткізілді. Тақырып аясында 31 қазан күні «Әлемдік тілдер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Фаузия Толеушайховна Саметова «Мектеп оқушыларын ғылыми жоба жазуға дайындау жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда ғылыми жобаның жазылуы мен рәсімделуі қарастырылды.
Семинар мақсаты: әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын әр түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми іздеу бағытымен ұштастыру.