Ардагер ұстаз Ордалы Қосайдың құрметіне жасақталған «БИІКТІК» оқу аудиториясының ашылуы

2023 жылдың 8 ақпан күні ардагер ұстаз, қоғам қайраткері Ордалы Қосайдың құрметіне Есенов университетінің Президенті Б,Б. Ахметовтің бастамасымен жасақталған «Биіктік» атты оқу аудиториясы ашылу салтанаты өтті. Шараға университет басшылығы, облыс әкімі Н. А. Ноғаев, ПОҚ, қонақтар және студенттер қатысты. Ұстаздың еңбек жолын саралайтын ғылыми конференция университет ғылмдары мен орта мектептер мүғалімдерінің қатысуымен өз жұмысын жалғастырды.
Ордалы Қосай – ұлы ұстаз, математик, қоғам қайраткері, Ол өз еңбек жолын Маңғыстаудағы математика пәнінің оқытылуы мен игерілуін биікке шығаруға мақсат еткен өнегелі ұстаз. «Маңғыстау» энциклопедиясы авторларының бірі, елдегі қоғамдық формация реформаларының бастамашысы.
– Осы уақытқа дейінгі еңбек жолымызды Маңғыстауда математика ғылымының дамуына арнадық. Ендігі кезекте жастардың математикаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, өңірдегі жоғары оқу орнынан тереңдетілген білім алуын қалаймын. Осы орайда белгілі маңғыстаулық математиктердің тәжірибесі мен ғылыми әдістерін зерттеп, арнайы аудитория ашып отырмыз, – деді ардагер ұстаз Ордалы Қосай.
Facebook  https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=149044657967352&id=100085854549340&mibextid=Nif5oz

Leave a Reply